Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Маңызды ақпарат: қашықтықтан оқыту түріне көшу!

Құрметті студенттер!

COVID-19 (2019-nCov) коронавирустық жұқпасының таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі М. Дәуленовтың 2020 жылғы 12 наурыздағы № 4−14−5/1026-И хатының және академиялық қызмет бойынша DKU бұйрығының негізінде, 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20/43−3 Академиялық қызмет бойынша студенттер мен магистранттарды оқыту 16.03.2020−05.04.2020 аралығында қашықтықтан оқыту түріне ауыстырылады.

Студенттер мен магистранттарға үй жағдайында қашықтықтан оқыту жағдайын қамтамасыз ету қажет (ғаламторға қосылған дербес компьютер немесе ноутбук, микрофоны бар құлаққап, мүмкіндігінше вебкамераның болуы).

Әдеттегі оқу режимін қалпына келтіру кезінде барлық студенттер сабақ кестесіне сәйкес уақытында болуы тиіс.

Қашықтықтан оқыту кезеңінде студенттер электронды поштаны үнемі тексеріп, университетпен байланыста болу керек.
Техникалық сұрақтар туындаған жағдайда IT-қолдау қызметіне хабарласыңыз (oit@dku.kz). қашықтықтан оқыту жүйесіне кіру және онда жұмыс істеу жөніндегі Нұсқаулық қосымша жіберіледі.

Бөлісу