Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Цифрлі жаз-2019» жазғы тағылымдамасы

Құрметті студент!

«Самұрық-Қазына» АҚ ЖОО-нан талантты 3−4 курс бакалавриат студенттері арасында жазғы тағылымдама форматындағы «Цифрлі жаз-2019» байқауы жайында хабарлайды. Біз IT бағытында жаңа мамандарды іздейміз.

«Самұрық-Қазына» АҚ - ның «Цифрлі жаз» жазғы тағылымдама бағдарламасы — бұл сенің ұлттық компанияларда бірегей тәжірибе алу мүмкіндігің ғана емес, сондай-ақ өзіңді көрсету және жұмысқа қабылдану мүмкіндігі. Тағылымдама кезінде сен SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei секілді компаниялардың оқыту тренингтеріне қатысасың.

Бізде тіпті Хакатон да болады! Көп ойланба — жаса! Болашақты бірге құрайық!

Біз сенің болашағың үшін жағдай жасаймыз:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобынан цифрландыру жобалары бойынша шынайы міндеттер;
  • Компания қызметкерлері қатарынан тағайындалатын тәлімгер;
  • Ай сайын төленетін шәкіртақы;
  • Тағылымдама бағдарламасын сәтті өткен жағдайда, жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні - 29 наурыз 2019 жыл.

Толығырақ ақпарат алу үшін бағдарлама сайтына өтіңіз: digital-summer.sk.kz
Email: support@hrqyzmet.kz
Телефон: +77172799599

Бөлісу