Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Сіздің нарық пен бизнес моделіңізді анықтау» вебинары 29 мамырда өтеді

2020 жылдың 25 мамырында «Eco-Talk 2020» Халықаралық жасыл бизнес мектебінің бағдарламасы аясында Қазақстан-Неміс университетінің МОСТ Бизнес-инкубаторымен бірлесіп вебинарлар сериясы басталды, оның мақсаты жазғы мектептің әлеуетті қатысушыларының мәлімделген эко-бизнес-идеяларын пысықтау болып табылады.

2020 жылдың 29 мамыр күні «Сіздің нарығыңызды және бизнес моделіңізді анықтау» соңғы вебинарында қатысушылар нарықты зерттеу тәсілдерін және өз өнімдерін орналастыруды үйренеді, сонымен қатар бизнес-модельдердің түсінігі мен түрлері туралы біледі.

Спикерлер:

  • Максим Барышев, Эко офис Учет. кз, «Сіздің нарығыңызды және бизнес моделіңізді анықтау» тақырыбында сөз сөйлейді";
  • Галым Байтымбетов, «Питьевые фонтанчики» жобасының тарихын баяндайды.

Осы вебинардан кейін қатысушылар өздерінің бизнес идеяларын пысықтауға аттанады, сондай-ақ олар «Eco-Talk» халықаралық жасыл бизнес мектебіне іріктеудің келесі кезеңдеріне қатысуды жалғастырады.

Eco-Talk Халықаралық жасыл бизнес мектебінің ұйымдастырушылары:

Қазақстан-Неміс университетінің Табиғи ресурстар институты Швейцария ынтымақтастық агенттігінің (SDC) қолдауымен Су ресурстары жөніндегі Орталық Азия жастары бірлестігімен (CAY4W) және Су мәселелері жөніндегі халықаралық хатшылықпен (Канада) әріптестікте.

29 мамыр кездесу бағдарламасы, жұма, 14.30 — 16.30

  • 14.30 — 16.00 Максим Барышев, Эко офис Учет. кз, «Сіздің нарығыңызды және бизнес моделіңізді анықтау» тақырыбында сөз сөйлейді";
  • 16.00 — 16.30 Галым Байтымбетов, «Питьевые фонтанчики» жобасының тарихын баяндайды.

Барлық сұрақтар бойынша: sirotin@dku.kz.

Бөлісу