Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Орталық Азиядағы шағын СЭС» онлайн дөңгелек үстелі жұмысының қорытындысы

2020 жылғы 30 мамырда «LandandWater CA» YouTube арнасы Қазақстан-Неміс университеті мен Дүниежүзілік банктің Орталық Азия энергетика және Су ресурстарын дамыту бағдарламасы бойынша білім алмасудың Орталық Азия желісінің ақпараттық қолдауымен «Орталық Азиядағы шағын СЭС» онлайн дөңгелек үстелін өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына 42 адам қатысты: ғалымдар, энергетика саласындағы мамандар мен әкімшілер, аспиранттар қатысты. Жұмыс барысында екі баяндама тыңдалып, баяндамашылар қойған тақырыптар бойынша пікірталас өткізілді. Медиа материалдар Орта Азиядағы мәдени ландшафтарды басқару мәселелерін талқылауға арналған ірі медиа алаңдардың бірі — «LandandWater CA» YouTube арнасында жарияланды.

КЕЗДЕСУ ТҮЙІНДЕМЕСІ

Петров Георгий Николаевич
«Тәжікстанның шағын СЭС-і: тарихи тәжірибе, проблемалар мен мүмкіндіктер»

Баяндамада Тәжікстандағы шағын СЭС бойынша істің жай-күйіне шолу жасалды; саладағы жетістіктер мен проблемаларға баға берілді; шағын гидроэнергетика ресурстарын игеру бойынша одан әрі қадамдар ұсынылды. Баяндаманың бейнежазбасы мына сілтеме бойынша қолжетімді:

Бляшко Яков Иосифович
«Еуразия кеңістігіндегі шағын СЭС жабдықтары: қысқаша шолу»

Баяндама еуразиялық кеңістіктегі шағын СЭС турбиналарын өндіру бойынша істердің жай-күйін шолуға арналған. Қазіргі жағдайда шағын СЭС-ті дамыту үшін оңтайлы шешімдер ұсынылады. Баяндаманың бейнежазбасы мына сілтеме бойынша қолжетімді:

Пікірталас баяндамалар мен сұрақтарда көтерілген тақырыптарға; шағын СЭС жобалау, салу және пайдалану бойынша қиындықтарды нақты мысалдармен талдауға арналды. Сұрақтарға жауаптар сессиясының қысқартылған жазбасы мына сілтеме бойынша қол жетімді:

Бөлісу