Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Бизнес, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар үшін Медиация!» атты IV Халықаралық Медиация фестивалі" 16−17 мамыр 2019 ж., Минск

2019 ж. 16−17 мамырда Минск IV Халықаралық Медиация фестивалінде түрлі елдерден медиаторларды қабылдады. Фестиваль ұйымдастырушылары медиаторларға арналған ашық кеңістік құра алды: қызу пікірталас, сараптамалық талқылаулар, медиацияны ілгерілетудің проблемалық мәселелерін бірлесіп іздеу, практикалық семинарлар, мастер-кластар фестиваль күндерін өте қызықты өткізді.

Әлеуметтік және саяси ғылымдар факультетінің доценті Урозбаева Гүлмайдан пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасында медиация институтын енгізу тәжірибесі" тақырыбында спикер ретінде Қазақстан-Неміс Университетін таныстыру құрметіне ие болды, онда президент/ректор э.ғ. д. профессор Ласло Унгваридің құттықтау сөзі оқылып, Қазақстандағы медиация институтын ілгерілетуге байланысты маңызды сәттер қозғалды.

«Қазақстан Республикасында еңбек дауларын шешу кезінде медиацияны өткізу тәжірибесі" мастер-класы қатысушыларға спикер Гульмайдан Урозбаевадан Қазақстан Республикасындағы еңбек дауларын қарау алгоритмін, еңбек медиациясы және Қазақстанда медиация институтын жылжыту басқа да ерекшеліктерін білуге мүмкіндік берді.

Фестиваль 14 елден 100-ден астам қатысушы үшін нетворкинг, тәжірибе алмасу, медиация бойынша практикалық білім алу үшін жақсы алаң болды.

Біздің Университет ұйымдастыру комитетінен 2019 жылы 7−9 қарашада Минскте өтетін «Болашақ медиациясы» атты IV Халықаралық студенттер байқауына қатысуға шақыру алды.

Бөлісу