Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Арал теңізі бассейніндегі жерлерді қалпына келтіру саласындағы серпінді инновациялық технологиялар конкурсы» (Қазақстан & Өзбекстан)

2020 жылғы тамыздан бастап Қазақстан мен Өзбекстан үшін «Арал теңізі бассейніндегі жерлерді қалпына келтіру саласындағы серпінді инновациялық технологиялар конкурсы» ауқымды халықаралық жобасы іске қосылады.

Жобаны Дүниежүзілік банк (CAWEP бағдарламасы) Қазақстан-Неміс университетімен және Жаһандық ландшафт форумымен (GLF) серіктестікте қаржыландырады.

Жоба мақсаты: Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы Арал теңізі өңіріндегі жер ресурстарын қалпына келтіру үшін серпінді технологиялар мен инновациялық тәсілдерді анықтау.

Жоба 2020 жылғы тамыз бен 2021 жылғы маусым аралығында Қазақстан мен Өзбекстанда іске асырылатын болады.

Жобаның серіктестері: Өзбекстан Республикасының Орман шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Күтілетін нәтижелер: Арал теңізі өңіріндегі (Қазақстан мен Өзбекстан) жер ресурстарын қалпына келтіру үшін серпінді технологиялар мен инновациялық тәсілдер жиналды.

Байқауға қатысуға Орталық Азиядан халықаралық қатысушылар да, ниет білдірушілер де шақырылады. Қатысуға өтінімдерді қабылдаудың ашылуы туралы хабарландыру 2020 жылдың қыркүйек айының соңында күтілуде.

Жобаның негізгі кезеңдері:

Кезең 1. Арал теңізі өңіріндегі жерлерді қалпына келтірудің ағымдағы жағдайын бағалау: a) жер ресурстарын қалпына келтіру саласындағы негізгі шектеулер мен басымдықтарды айқындау; б) жергілікті инновациялар нарығын талдау және start-up; в) инновациялық стартаптардың халықаралық тәжірибесін және жағдайлары ұқсас елдерде технологияларды қолдануды талдау (Тамыз — Қыркүйек 2020);

Кезең 2. Халықаралық инновациялық идеялар байқауына қатысуға өтінімдерді жинау (Тамыздың ортасы — Қазан 2020);

Кезең 3. Қатысушылардың құзыреттілігін дамыту: қысқа тізімге іріктелген үміткерлер келесі бағыттар бойынша тренингтерге қатысады — бизнес дағдылар, көшбасшылық, коммуникация дағдылары және т. б.(Қараша 2020), финалистер тақырыптық тренингтерге және менторлық бағдарламаға қатысады (Қаңтар — Маусым 2021);

Кезең 4: Challenge Day. Байқау финалистерін іріктеу (Желтоқсан 2020).

Байланыс үшін: Балжан Жумагазина zhumagazina@dku.kz

Бөлісу