Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Алматы қаласы, шетсіз қала бола ма және ол үшін не істеу керек?» дөңгелек үстелі

2020 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан- Неміс университеті және Фридрих Эберт атындағы қордың ұйымдастыруымен «Алматы қаласы, шетсіз қала бола ма және ол үшін не істеу керек?» атты дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелдің спикерлері:

Елена Ерзакович, көліктік қамтамасыз ету саласындағы халықаралық сарапшы; Адиль Нурмаков, Urban Forum Kazakhstan қорының тең құрылтайшысы; Сергей Васильев, қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Алматының экологиялық қоры» ҚҚ басшысы, Қарасу көлін жандандырудың бастамашысы; Мира Маульшариф, ҚазҰУ әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, сондай-ақ, Алматы қаласының шеткі аудандарының бастамашыл тұрғындары.

Алматының әлеуметтік және менталды кедергілері жоқ, оларды қолайлы «жоғарғы», өнеркәсіптік «төменгі" және дамымаған «шет» деп бөлетін қала болуына не көмектеседі? Қалалық ортаның сәтті дамуына не кедергі? Қаланың орталық бөлігі мен оның шеттері арасындағы өмір деңгейіндегі айырмашылықты қалай жоюға болады?

Іс-шарада Алматыны дамытудың осы және басқа да маңызды мәселелерін сарапшылар мен қала тұрғындары қарады. Бірлескен талқылау проблемалық аймақтарды анықтап, талқылап қана қоймай, оларды жеңудің нұсқаларын жасауға көмектесті.

Қатысушылар қоғамдық кеңістіктер құру, аудандарды көгалдандыру, тығыздалып жатқан құрылыс кезінде аудандардың қауіпсіздігі үшін шаралар қабылдау, «орталық емес аудандардың" тұрғындары үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты аспектілер бойынша жұмыс жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.

Сонымен қатар, іс-шарада Алматы қаласының әкімдігі әзірлеген «Алматы-2050» Даму стратегиясының және «шетсіз қала» мен «тең мүмкіндіктер қаласы» бағыттарының негізгі мақсаттары мен міндеттері айтылды. Бұл бағыттар, өз кезегінде, «жаңа аудандар» мен Орталық арасындағы әлі де бар алшақтыққа ерекше назар аударуға және оны еңсеру үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Шет аудандар тұрғындарының пікірлерін тыңдау, күнделікті кездесетін мәселелер туралы білу, оларды шешудің мүмкін болатын қадамдарын талқылау және анықтау — дөңгелек үстелдің басты мақсаты болды және оған тұрғындар мен сарапшылардың белсенді жұмысының арқасында сәтті қол жеткізілді.

Бөлісу