Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Ақпараттық жүйелер «мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың жеңімпаздары

Қазақстан-Неміс Университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен пәндік олимпиадаларды өткізу кестесіне сәйкес 2019 жылы 20 сәуірде 5В070300 — «Ақпараттық жүйелер"мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізді.

Республикалық олимпиада тапсырмалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3 пән бойынша өткізілді:
• Ақпараттық жүйелердегі деректер қоры
• Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау
• Компьютерлік желілер
Студенттердің тапсырмаларды орындауын бағалау әр пән бойынша жеке баллмен жүзеге асырылды. Әр пән бойынша тапсырмалар 100 баллмен бағаланды. Қорытынды баға пәндер бойынша нәтижелердің орташа мәні болды.

Ең көп балл жинаған келесі студенттер жеңімпаз атанды:

1 орын Дәукішов Сүлеймен Сейілханұлы
Қарағанды мемлекеттік техникалық университет (ҚарМТУ)

2 орын Уразалиев Канат Муратович
Хожа Ахмеда Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті

3 орын Рябыкин Николай Евгеньевич
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Айта кететін жәйт, профильдік олимпиада компьютерлік сыныптарда және «телеметрия», «Экономикадағы ақпараттық инжиниринг» және «Mobile Computing» білім беру бағдарламалары үшін Инженерлік-экономикалық ғылымдары факультетінің жаңа зертханаларында өтіп, «Stärkung der Kompetenz, Vernetzung und Sichtbarkeitder DKU» ҚНУ жобасының қаражатынан жүзеге асырылды.

Біз жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!

Бөлісу