ҚНУ Ташкент қаласындағы жазғы мектепке қатысты

2019 жылы 12 маусымда Қазақстан-Неміс Университеті Өзбекстан, Ташкент қаласындағы № 60 неміс тілін тереңдетіп оқытатын мектептің 10 сынып оқушыларына арналған жазғы мектепке қатысты. Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтына экскурсия, неміс тіліндегі халықаралық келіссөздер бойынша мастер-класс, неміс тіліндегі «Циркулярлық экономика. Болашақ үшін идеялар» және басқа да көптеген қызықты
іс-шаралар жазғы мектеп қатысушылары үшін осы күні өтті.

Дәрістер мен семинарлар оқушыларға студенттік өмірмен жақын танысуға, екінші шикізатты қайта өңдеуді ұйымдастыру тақырыбына презентациялар дайындауға — құнды практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік берді.

Қатысушылар жазғы мектептің ұйымдастырылуын, алған білімдері мен дағдыларын, сондай-ақ еркін атмосфераны бағалады.

Біз оқушыларға оқуда үлкен табыс тілейміз!

Бөлісу