Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

ҚНУ-да «1991 жылдан бастап Орталық Азиядағы трансформациялар» атты XV халықаралық конференция өтті

Ү.ж. 23−26 мамыр аралығында Қазақстан-Неміс Университеті Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен «1991 жылдан бастап Орталық Азиядағы трансформациялар» атты XV халықаралық конференциясын өткізді.

Конференцияның бірінші күні негізгі баяндамашылардың: Др. Андреа Шмитц (Ғылым және саясат қоры, Берлин), Др. Азамат Жүнісбай (Pitzer College университеті, АҚШ), Др. Дина Шарипова (КИМЭП Университеті / Назарбаев Университеті), Др. Вадим Воловой (Миколас Ромерис атындағы Университет, Вильнюс), Томас Хельм (Қазақстандағы Конрад Аденауэр қоры) және Асқар Сембиннің (TechGarden, Алматы) қатысуымен панельдік пікірталасқа арналды.

Панельдік пікірталасқа қатысушылар өз баяндамаларында Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін аймақтағы трансформация үдерістеріне баға беріп, болашақта өңір алдында тұрған сын-қатерлерді атап өтті.

Келесі күні конференция жұмысы Орталық Азиядан келген қатысушылардың баяндамаларымен жеке секцияларда жалғасты.

Конференцияның қорытынды күні қатысушылар мен қонақтар Андреа Шмитц, Азамат Жүнісбай, Дина Шарипова және Др. Себястьян Майер (Қазақстан-Неміс Университеті) қатысуымен ғылыми мақалаларды жазу және жариялау бойынша мастер-класқа қатысуға мүмкіндік алды.

Қазақстан-Неміс Университеті конференция спикерлеріне, қатысушыларына және тыңдаушыларына, Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қорына және осы іс-шараны дайындауға және табысты өткізуге ықпал еткен барлық қатысушыларға алғысын білдіреді!

Бөлісу