Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Қазақстанда «DeutschimHerzen» екінші республикалық байқауы басталды

Құрметті студенттер, сіздерді DieheutigeWeltim deutschenWort атты екінші республикалық «Deutschim Herzen» («неміс тілі жүрегімде») байқауына қатысуға шақырамыз!

Байқаудың ұйымдастырушылары — «Возрождение» ҚҚ.

Байқау неміс тілін, Қазақстан немістерінің тарихы мен мәдениетін насихаттауға, қоғамдық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер сауалнаманы толтыру қажет (қосымшаны қараңыз) (топтық жұмыстарды жіберген кезде әр қатысушыға жеке сауалнама толтыру қажет). Орындалған жұмыстар Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс (қосымшаны қараңыз).

Конкурстық жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

«Возрождение» ҚҚ оларды одан әрі қызметте пайдалануға құқылы.

Байқау тоғыз номинация бойынша өткізіледі:

  • Театр қойылымына арналған сценарий
  • Көркем аударма
  • Бейне-байқау
  • Балалар номинациясы
  • Неміс тілі оқытушыларына арналған номинациялар
  • Отбасы номинациясы
  • Публицистикалық номинация
  • Жастар номинациясы
  • Ғылыми номинация

Жұмыстар 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қабылданады. Түскен материалдарды байқаудың кәсіби қазылар алқасы бағалайды.

Байқау жеңімпаздарына сыйлықтар арасында:

  • неміс тіліндегі басылымдар;
  • кәдесый өнімдері;
  • серіктестер мен демеушілердің сыйлықтары;
  • неміс тіліндегі танымдық дидактикалық ойындар.

Қазылар алқасы байқаудың кез-келген номинациясында ерекше сыйлық тағайындау құқығын өзіне қалдырады.

Байқау қорытындысы «Возрождение» ҚҚ ресми сайтында және DAZ газетінде жарияланатын болады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2020 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Қатысушылардың жолақысы, сондай-ақ, финалистердің тұру және тамақтану шығындарын «Возрождение» ҚҚ өзіне алады.

Конкурсқа қатысуға қатысты барлық сұрақтарды электрондық поштаға жолдауға болады sprache@wiedergeburt.kz немесе +7 7271 429395 телефоны бойынша тіл жұмысының үйлестірушісі Элина Багинскаяға хабарласуыңызға болады.

http://wiedergeburt.kz/ii-respublikanskij-konkurs-deutsch-im-herzen/ — барлық қосымшалар сілтеме бойынша қол жетімді.

Бөлісу