Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Германияның студенттері DKU-да

2017 жылы DKU Шмалькальден (Германия) жоғары мектебімен бірлесіп «Орталық Азиядағы модульдік пәндерді оқыту"жобасы әзірленді. Жоба Германияның серіктес жоғары оқу орындарының студенттерін DKU-да оқуға тарту үшін құрылды. Осы жоба аясында Германиядан келген студенттер белгілі бір пән бойынша екі апталық дәріске қатыса алады, оны Германиядан шақырылған профессорлар оқиды (неміс немесе ағылшын тілінде) және ECTS-кредиттердің белгілі бір санын ала алады.

2018 жылдың жазғы семестрінде DKU-да қолданбалы ғылымдар Жоғары мектебінің 3 студенті білім алып, ал 2018/19 оқу жылында DKU-да Миттвайда, Шмалькальден, Вильдау, Гамбург, Цвикау, Райн-Вааль қалаларының серіктес жоғары оқу орындарының 30 студенті білім алды.

Осы жылдың қыркүйек айында біздің университетке аталған жоба аясында серіктес Циттау/Герлитц жоғары оқу орнының 8 студенті және Ильменау техникалық университетінің 3 студенті келді.

Сонымен қатар, Technische Hochschule Wildau серіктес жоғары оқу орнының оқытушысы өзімен бірге өзінің дәрістеріне қатысқан 6 студентін алып келді.

Германия студенттері үшін университеттің президенті Ласло Унгвари мырзамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде ол Қазақстан туралы, біздің еліміздің ерекшеліктері туралы және әрине, DKU туралы әңгімеледі.

Біз қонақтарымызға алдағы уақытта білім алуға үлкен табыстар тілей отырып, Германияның жаңа студенттерін DKU-да оқуға күтеміз!

Бөлісу