Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру-экономиканы жаңғырту мен инновациялық дамытудың маңызды бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22 қарашада «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру — экономиканы жаңғырту мен инновациялық дамытудың маңызды бағыттары» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: энергия үнемдеу саласында білікті мамандарды дайындауда, энергия аудитін жүргізуде, энергия үнемдеуші технологияларды пайдалануда, энергия үнемдеуді дамыту және энергия тиімділігін арттыру және жабдық жұмысының сенімділігін арттыру мәселелерінде инновациялық шешімдерді іздестіруде тәжірибе алмасу.

Қатысушылар: Алматы Энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) өкілдері:
ф.-м.ғ. к. Борисова Н. Г. және т. ғ. к. Үмбетов Е. С., академик Ш. Шөкин атындағы ҚазҒЗИ ген. директоры Бакенов К.А., ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілі — Дворников В. А., «Физика-техникалық институт» ЖШС және «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС — PhD, ғылыми қызметкер Чучвага Н. А., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ— Жарекешев И., ҚНУ: «Энергетикалық және экологиялық техника» ӨБ жетекшісі, аға-оқытушы Шавдинова М. Д., т. ғ. к. Шәріпов Р. Ж., т. ғ. к. Мещерякова Т. Ю.

Бөлісу