Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU «Қазақстан-Неміс университетінің хабаршысы» ғылыми журналының көктемгі шығарылымына мақалаларды қабылдау туралы хабарлайды

Алматы қаласындағы Қазақстан-Неміс университеті (DKU) «Қазақстан-Неміс университетінің хабаршысы» ғылыми журналының көктемгі шығарылымына мақалаларды қабылдау туралы хабарлайды және оқытушыларды, докторанттарды, магистранттарды және ғылыми және білім беру мекемелерінің қызметкерлерін ынтымақтастыққа шақырады.

Хабаршының көктемгі шығарылымына мақалаларды қабылдау 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін жүзеге асырылады.

DKU хабаршысы — бұл Орталық Азияда ғылыми зерттеулерді кеңейту мен ілгерілетуді мақсат ететін рецензияланатын ғылыми журнал. Мақалалар журналға келесі тақырыптық бағыттар бойынша қабылданады:

  • Орталық Азияның тұрақты даму сауалдары мен мәселелері;
  • Орталық Азиядағы саяси және экономикалық даму;
  • Орталық Азия елдерінің тарихы;
  • Орталық Азия елдеріндегі қоғам мен мәдениет;
  • Орталық Азия елдерінің сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастары;
  • Орталық Азия елдеріндегі техника мен жаңа технологиялардың дамуы;
  • Орталық Азия елдеріндегі көлік пен логистика;
  • Аймақтағы экология, энергия тиімділігі және су қорларын бірігіп басқару;
  • Аймақтағы тілдер мен әдебиеттің дамуы.

Мақалаларды ресімдеуге қойылатын талаптар

«Қазақстан-Неміс университетінің хабаршысы" — на жіберілген мақалалар келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1. Мақалалар қазақ, ағылшын, орыс және неміс тілдерінде қабылданады. Мақала бұрын қандай да бір баспа немесе электрондық басылымда жарияланбауға тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде және сілтемелерде міндетті түрде көрсетілген бұрын жарияланған мақаланың кеңейтілген нұсқасын жариялауға болады;
2. Қолжазба көлемі аннотацияны, мәтінді, сілтемелерді, кестелерді, суреттер мен қосымшаларды қоса алғанда, 10 000 сөзден аспауы тиіс;
3. Мақала қолжазбасын төменде көрсетілген электрондық мекен-жайға Word редакторында Times New Roman 14 шрифті мен 1,5 интервалды қолдана отырып, электрондық форматта жіберілу керек. Қолжазба жіберер алдында мұқият өңделуі тиіс. Барлық беттер нөмірленуі тиіс;
4. Жіберілген мақалалар келесі ақпаратты қамту керек:

a) оң жақ жоғарғы бұрышында мақала авторының/авторларының мәліметтері (тегі мен аты (толық), ғылыми дәрежесі мен атағы. Ұйымның толық атауы және аббревиатурасы,
e-mail.
b) мақаланың басында көлемі 200 сөзден аспайтын аннотация;
c) жұмыстың мақсаты сипатталатын кіріспе, зерттеу әдістері мен проблемасының қысқаша сипаттамасы берілген;
d) зерттеудің тақырыбын толығымен ашатын және талдауды қамтитын негізгі бөлім. Негізгі бөлім бөліктерге бөлінуі мүмкін;
e) зерттеу нәтижелерін жалпылап берген және олардың жаңашылдығын, артықшылықтарын, қолдану мүмкіндіктерін қамтиған қорытынды;
f) әдебиет тізімі мақаланың соңында беріледі. Әдебиеттер тізімін қолданыстағы библиографиялық талаптарға сәйкес рәсімдеу ұсынылады (ГОСТ 7.1−2003). Пайдаланылған дереккөзге сілтеме мәтін бойынша араб нөмірлері бар шаршы жақшада беріледі, мысалы [1].

5. Автордың аты-жөні және мақаланың атауы ғана «Ж» белгіленеді; «К» — негізгі мазмұннан ауытқулар, кейбір мысалдар мен ескертпелер; тырнақшалар «…» белгісімен ресімделеді.
6. Келтірілген мәліметтердің мазмұны мен шындығына, мақалалардың ресімделуіне авторлар жауап береді. Мақаланы жариялау үшін жібере отырып, авторлар мақаланың негізгі мазмұнын бұрмаламайтын ықтимал редакциялық түзетумен келіседі.
7. Журнал редакциясы форматтың аталған талаптарына сәйкес келмейтін қолжазбаларды қабылдамауға құқылы.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда мына электрондық мекежай бойынша хабарласуыңызға болады: vestnik@dku.kz.

Бөлісу