Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU 3-курс студенттеріне арналған Литвадағы Миколас Ромерис университетінің шәкіртақысы

3 курс студенттерінің назарына!
2020 жылдың қысқы семестрін Миколас Ромерис Университетінде (Литва) оқу үшін шәкіртақы алуға конкурс жарияланады.
Орындар саны шектеулі.
Литвалық Миколас Ромерис университеті біздің студенттерге Литва үкіметінен оқудың
1 семестріне шәкіртақы алу мүмкіндігін ұсынады. Шәкіртақы туралы барлық қажетті ақпаратты мына жерден таба аласыз.
Талаптар:
Ағылшын тілінің деңгейі В2-ден төмен емес
Барлық оқу семестріндегі үлгерімнің жақсы орташа балы
Қызығушылық танытқандар Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөліміне (11-кабинет) 28 наурызға дейін (12.00-ге дейін) келесі құжаттарды тапсыру керек:
Тіл деңгейін растайтын сертификат
Барлық оқу семестрлерге транскрипт
Барлық сұрақтар бойынша DKU-дың Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласыңыздар.

Бөлісу