Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Қазақстан-Неміс тұрақты инженерлік ғылымдар институты студенттерді оқытуды бастады

1 қыркүйек, Білім күні Қазақстан-Неміс тұрақты инженерлік ғылымдар институты (DKI) өзінің алғашқы студенттері үшін есігін айқара ашты.

Бірнеше ондаған жастар институтта «Логистика» мен «Энергетика және экологиялық инженерия» білім беру бағдарламалары бойынша оқуды бастады.

Оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шараға DKU және Yessenov University президенттері профессор Волрад Роммель мен Берік Ахметов, сондай-ақ Қазақстандағы Svevind Energy GmbH компаниясының өкілі Николай Путилин қатысты.

DKU президенті профессор Волрад Роммель институттың құрылу тарихы, жаңа оқу орнының даму жоспарлары мен студенттердің болашағы туралы айтты. Ол студенттерге табыс пен білім алу жолында табандылық тіледі.

Қазақстан-Неміс тұрақты инженерлік ғылымдар институты (DКI) Ақтау қаласындағы Yessenov University-мен және Қазақстан-Неміс университетімен бірлесіп (DKU) құрылды.

Бөлісу