Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Danone» компаниясы 2019 және 2020 жылдардағы түлектерге арналған «Danone Young Pro» бағдарламасына қабылдау жариялайды

«Danone Young Pro» — бұл 1,5 жыл ішінде ЖОО түлектерін жас кәсіпқойға айналдыратын жас мамандарды дамытудың жеделдетілген бағдарламасы.

«Danone Young Pro» қатысушылары бизнеске әр жағынан қарап, үш түрлі бөлімдерде жұмыс істей алады. Жаңа білім, іскерлік дағдылар мен құзыреттіліктер, әртүрлі бағыттағы жұмыс тәжірибесі, компания ішінде және одан тыс жерлерде нетворкинг, мамандық бойынша және мүлдем жаңа салада жұмыс істеу мүмкіндігі - бұл «Danone Young Pro» негізгі артықшылықтары.

Бағдарламаны сәтті өткеннен кейін оның қатысушыларына біздің компания бөлімдерінің бірінде тұрақты жұмыс пен маман лауазымы ұсынылады.
«Danone Young Pro» — бұл:
Ротация жүйесі: әр 6 ай сайын жаңа функция/бөлім
Тұрақты даму: кіріспе бағдар бағдарламасы, нақты жобалардағы практика, тренингтер, қысқа мерзімде кешенді дайындық
Барлық деңгейдегі қолдау
Маманның лауазымы және бәсекелі жалақы
2020 жылы Danone Young Pro кім бола алады:
Ағылшын тілін Intermediate немесе одан жоғары деңгейде меңгерген 2019−2020 жж. бакалавриат немесе магистратура бағдарламаларының түлектері.
Біз әр түрлі бағыттарда даму мен жұмыс ұсынуға дайынбыз, сондықтан әр түрлі мамандықтар бойынша үміткерлерді қарастырамыз.
Danone Young Pro қай жерде жұмыс жасайды?
Алматының бас офисында
Алматы облысындағы зауытта (техникалық мамандықтар)
Өтінімдер қайда және қашан қабылданады?
Өтінімдер 2020 жылдың 28 ақпан мен 10 сәуір аралығында қабылданады: hh.kz
Вакансияға сілтеме: hh.kz/vacancy/36051846
Іріктеу қалай өтеді?
Скрининг резюме
Тестілеу және қашықтықтан сұхбаттасу
Ассессмент-орталық
Басшылармен сұхбат
Бағдарламаға шақыру
Конкурс маусының соңына дейін өтетін болады, жұмысқа шығу — 20 шілде 2020 ж.
Бағдарлама туралы тағы қай жерден білуге болады?
Instagram-да @danone_youngpro_kz
www.instagram.com/danone_youngpro_kz/

Бөлісу