Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Бос білім беру гранттарын тағайындау үшін DKU студенттері арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру.

Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» қаулысының
«Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесі беріле отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін бос білім беру гранттарын беру тәртібі"
4-тармағы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа Қазақстан-Неміс университетінде ақылы негізде оқитын, конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған студенттер аралық аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру бағдарламалары, курс және оқу түрі бойынша қатыса алады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1. ақылы негізде білім алушы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш береді;
келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің отырысында қаралады.
Білім алушының өтінішінің көшірмесі, ғылыми (академиялық) кеңестің шешімі, білім алушының транскриптінен үзіндісі, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және білім беру гранты иегерінің күәлігі (түпнұсқа) білім беру грантының иегерінен шығарылған куәлігі қоса беріледі.

ЖОО-ның атауы

Бағыт коды және жіктеуіші

Білім беру бағдарламалары тобының нөмірі мен атауы

Курс /Бос орын

1

Қазақстан-Неміс Университеті

6В071

Инженерия және инженерлік іс

В07108

Энергетикалық экологиялық техника

2/1

6В071

Инженерия және инженерлік іс

В07108

Энергетикалық экологиялық техника

1/1


Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 9−13 қаңтар аралығында
Байланыс үшін тел.: 3550551, ішкі 209.

Бөлісу