Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Білімнің Жібек жолы» онлайн конференциясына қатысуға шақырамыз

Құрметті зерттеушілер, ғалымдар, сарапшылар және эко-белсенділер,

Сіздерді «Білімнің Жібек жолы» аймақтық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясына қатысуға шақырамыз. Конференция 2020 жылдың 25−27 қарашасында YouTube және Facebook-те тікелей эфирмен ZOOM платформасында өтеді.

Онлайн-конференцияны Қазақстан-Неміс университеті Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен ұйымдастырады.

Үш күндік онлайн-конференция түрлі мүдделі тараптарға климаттың өзгеруінің Орталық Азия мен Ауғанстан елдеріне әсерін талқылауға мүмкіндік береді. Конференцияға жеті тақырыптық сессия және жастарға арналған қосымша сессия кіреді.

Конференцияға тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScM-iySrHCsULqPzC83V12K4cKjKwCPASxCpFkclXm0vg5TgA/viewform?usp=sf_link — орыс тілінде

Дедлайн: 25 қазан 2020 ж.

Сіздің қатысуыңыз іс-шараға үлкен мән беретініне сенімдіміз.

Бөлісу