Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

БҰҰДБ кәсіпкерлерге жасыл жобаларды жүзеге асыруда қаржылық қолдау көрсетеді

2020 жылғы 13 ақпанда Алматы қаласындағы БҰҰ кеңсесінде энергия тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша инвестициялық жобаларды әзірлеу бойынша мастер-класс өтті. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары БҰҰДБ
(БҰҰ Даму Бағдарламасы), ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «ДАМУ «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Алматыдағы Қазақстан-Неміс университеті" ББМ болды.
Тренингтің негізгі мақсаты мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ),
ЭСКО-келісім-шарттар және сенімді басқару тетіктері негізінде энергия үнемдеу және ЖЭК саласындағы инвестициялық жобаларды дайындауға оқыту болды.
Тренингтің қатысушылары жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, ЖЭК дамыту саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын компаниялардың қызметкерлері болды.
Тренингке Қазақстан-Неміс университетінің өкілдері қатысты: жаңартылатын энергетика бойынша жобалар менеджері, Алексей Кобзев, жаңартылатын энергетика және бизнес инкубация бойынша жобалардың ассистенті, Эрнест Сиротин.
Алексей Кобзев «Қазақстандағы бизнес үшін жасыл қаржыландыру» презентациясымен сөз сөйледі.

Бөлісу