Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңселерінің ұйымдастырушылық дамуы" бағдарламасы

10−12 қыркүйек аралығында DKU — Гармаш Ольга (инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті) және Аутинова Марина (экономика және бизнес факультеті) қызметкерлері «Алматы қ.жоғары оқу орындарының „Рухани Жаңғыру“ жобалық кеңселерінің ұйымдастырушылық дамуы» бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

Оқу барысында әріптестер ЖОО-ның жобалық кеңселерінің түрлерімен танысты, жобалық басқару принциптерін, сондай-ақ жобалық басқару білім беру үрдістері мен салаларын зерттеді.

Оқытуды Алматы қаласының «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі ҚР Жобалық менеджерлер одағымен және Халықаралық ақпараттандыру академиясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Әріптестерімізді оқуды сәтті аяқтап, сертификат алуымен құттықтаймыз!

Бөлісу