Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) ҚНУ-ға сапары

2019 жылғы 17−19 сәуір аралығында «Алматыдағы Қазақстан-Неміс Университеті" ББМ Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) Сыртқы сараптау комиссиясы жұмысын бастайды. Аккредиттеу шеңберінде білім беру бағдарламаларының сапасын және университет қызметінің агенттіктің стандарттары мен өлшемдеріне сәйкестігін бағалау жүргізіледі.

Сараптау комиссиясының құрамына білім беру саласындағы Қазақстан мен таяу шетелдің жоғары білікті мамандары және студенттіктің өкілі кірді:

  • Төраға — Кулахметова Мергуль Сабитовна, филол.ғ.к., Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеттің қауымдастырылған профессоры (Павлодар қ.).
  • Бақылаушы — Ниязова Гулияш Балкеновна, жоғары оқу орындарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді (АРТА) өткізу жобасының жетекшісі (Нұр-Сұлтан қ.).
  • Шетелдік сарапшы — Гузева Татьяна Александровна, т.ғ.к., Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің білім беру стандарттары мен бағдарламалары басқармасының басшысы, зымыран-ғарыштық композиттік құрылымдар кафедрасының доценті (Мәскеу қ., Ресей).
  • Ұлттық сарапшы — Бакланов Александр Евгеньевич, ф.-м.ғ.к, Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры (Өскемен қ.).
  • Жұмыс беруші — Пилипенко Юрий Александрович, бизнесті дамытуға жәрдемдесу және инвестициялау жөніндегі қауымдастық директорлар кеңесінің төрағасы (Алматы қ.).
  • Студент — Қасымхан Айзада Айдынқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ҚазҰУ «5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті. (Алматы қ.).

Сапардың бағдарламасын мына жерде көре аласыз.

Бөлісу