Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

VII Халықаралық экономикалық форум 2020 жылғы 26−27 қараша аралығында өтеді

2012 жылдан бастап Алтай мемлекеттік университетінің Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институты (Барнаул қ.) жыл сайын «Өңірдің экономикалық дамуы: басқару, инновациялар, кадрлар даярлау» Экономикалық форумын өткізеді. Форумға билік өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, аспиранттар мен ғылыми қоғамдастық қатысады. Үздік баяндамалардың материалдары конференцияның қорытындылары бойынша (ISSN 2542−0690) e-library платформасында ұсынылған және РҒДИ-да индекстелетін жинақтарда жарияланады.

2020 жылы форум аясында келесі мәселелер талқылауға ұсынылады:

  • тұрақсыздық жағдайында елдер мен өңірлер экономикасының даму проблемалары;
  • экономиканы, білім беруді және кадрларды даярлауды жаңа нақты ахуалда цифрландыру;
  • елдер мен өңірлерде перспективалы технологияларды дамыту үшін қосымша кәсіптік білім берудің рөлі;
  • кәсіпкерлікті дамыту және оның аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі;
  • экономиканы цифрландыру жағдайындағы кәсіпкерліктің жаңа салалары мен технологиялары, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар мен проблемалар.

Форум бағдарламасы келесілерді қамтитын кең ауқымды іс-шараларды қарастырады:

  • «Экономика және білім беруді цифрландыру: пандемия жағдайындағы жаңа технологиялар» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы,
  • «Өнеркәсіп пен бизнестегі цифрлық шешімдер» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел;
  • Форсайт-сессия «Тиімді бизнес: табысты кәсіпкерліктің құпиялары»;
  • «Цифрлық экономика кадрларын даярлауда қаржылық сауаттылық құзыреттілігін дамыту» пікірталас алаңы";
  • «Бизнеске арналған кадрлық сервистер: өңірлік білім беру экожүйесінің мүмкіндіктері" жобалық форсайт-сессиясы»;
  • Бакалаврлар, магистрлер мен мамандардың ғылыми жұмыстарының халықаралық конкурсы.

Форумның маңызды іс-шараларының бірі - «Экономика және білім беруді цифрландыру: пандемия жағдайындағы жаңа технологиялар» тақырыбында халықаралық
ғылыми-әдістемелік конференция, оны ұйымдастырушылар:

  • Алтай мемлекеттік университетінің Экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер халықаралық институты https://www.asu.ru/.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасы, (Алматы қ., Қазақстан Республикасы) https://www.kaznu.kz/.
  • Қазақстан-Неміс Университетінің Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті. (Алматы қ., Қазақстан Республикасы) https://dku.kz/.
  • И.С. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университетінің Экономика және бизнес орталығы және Экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасы
    (Орел қ., Ресей) http://oreluniver.ru/.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция төрт секциядан тұрады және келесі алаңдарда өткізілетін болады: Алтай мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ ұлттық университеті, И.С. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университеті және Қазақстан-Неміс университеті:

Секция 1, АлтМУ алаңы. Белгісіздік жағдайында аумақтар экономикасының тұрақты дамуы;

Секция 2, Әл-Фараби атытндағы ҚазҰУ алаңы. Пандемия кезіндегі SMART технологиясының экономикалық және білім беру процестеріне әсері;

Секция 3, И.С. Тургенев атындағы ОМУ алаңы. Өңірлік экономиканы дамыту үшін цифрлық білім беру процестерін ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу;

Секция 4, Қазақстан-Неміс Университетінің алаңы. Жеткізу тізбегін цифрландыру.

«Өңірдің экономикалық дамуы: басқару, инновациялар, кадрлар даярлау« жетінші халықаралық экономикалық форумы 2020 жылғы 26−27 қараша аралығында онлайн-форматта өткізілетін болады.

Форум қатысушыларының тіркеуі мына сайтта (http://miemis.asu.ru/events/ekonomicheskij-forum-ekonomicheskoe-razvitie-regiona-upravlenie-innovatsii-podgotovka-kadrov/) 2020 жылдың 18 қарашасына дейін жүргізілетін болады. Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы қарастырылмаған.

Конференция күнделігі Алтай мемлекеттік университетінің Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институтының сайтында орналастырылады. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша мақалалар жинағы шығарылып, оны
e-library платформасына орналастырады және РҒДИ индекстейді.

Мақалалардың толық мәтіндері (осы хатқа 1-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес ресімделген 20 мың таңбаға дейін) forum-miemis@mail.ru электронды поштасына 2020 жылдың 25 қарашасына дейін жіберілуі керек (хатқа қосымша ретінде «Иванов_мақала.doc», немесе «Иванов, Петров_мақала.doc» деп аталатын файлмен). Ұйымдастыру комитеті ұсынылған өтінімдер мен жариялау үшін материалдарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.

Бакалаврлардың, магистрлер мен мамандардың ғылыми жұмыстарының халықаралық конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) келесі тақырыптық бағыттар бойынша өткізілетін болады:

  • Инновациялық экономика.
  • Білім беруді цифрландыру.
  • Экономикалық қауіпсіздік.
  • Қаржы және қаржылық сауаттылық.
  • Есеп, талдау және аудит.
  • Сутденттік және әлеуметтік кәсіпкерлік.

Жұмыстар конкурсқа тек электрондқ түрде 2020 жылғы 25 қарашаға дейін осы хатқа
2-қосымшада ұсынылған талаптарды сақтай отырып, forum-miemis@mail.ru поштасына ұсынылады (хатқа «Қатысушының тегі_Ғылыми жетекшінің тегі_Конкурс.doc» деген файл тіркемесі түрінде).


Тіркемелер:

Қосымша 1 және 2 мына жерде қараңыз.


Контактілер:

Воробьева Виктория Владимировна — э.ғ.к., Алтай мемлекеттік университетінің Қаржы және несие кафедрасының доценті, vvvtoria@mail.ru

Оразаева Жұлдыз Даулетовна — Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, zhuldyz.orazayeva@gmail.com

Кегенбеков Жандос Кадырханович — т.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
Қазақстан-Неміс университеті Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, kegenbekov@dku.kz

Маслова Ирина Алексеевна, экономикалық ғылымдар докторы, Экономика және бизнес орталығының басшысы, И.С.Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университеті Экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасының профессоры, tera27@mail.ru

Бөлісу