Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Тәжікстанда тұрақты даму мақсаттары бойынша студенттік олимпиада өтті

Тұрақты даму мақсаттары бойынша біздің студенттік олимпиадамыз Тәжікстанда да ұлттық деңгейде өтті. Олимпиаданы өткізу № 6, 7, 9 және 13 тұрақты даму мақсаттары саласындағы болашақ мамандар мен студенттердің әлеуетін арттыруға және білімдерін тереңдетуге ықпал етеді:

Мақсат 6: Барлығы үшін су ресурстары мен санитарияның болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Мақсат 7: Барлығына арзан, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне жалпыға қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Мақсат 9: Тұрақты инфрақұрылым құру, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу.

Мақсат 13: Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау.

Олимпиаданың ресми ашылуы 2021 жылғы 14 сәуірде Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) серіктес ЖОО болып табылатын Ш. Шотемур атындағы Тәжік аграрлық университетінде өтті.

Олимпиада 3 секция бойынша өтті:

  • Су ресурстарын бірігіп басқару,
  • Климаттың өзгеруі және таза энергия,
  • Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым.

Екі күн ішінде Олимпиаданың екі кезеңі онлайн форматта өтті:

  • Бірінші кезең — жазбаша тестілеу.
  • Екіншікезең — қазылар алқасының мүшелерімен ауызша тестілеу түрінде сұхбат.

Бірінші кезеңге қатысушылардың жалпы саны — Тәжікстанның 5 ЖОО-нан 35 студент. Тестілеу қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған қатысушылар қазылар алқасының мүшелерімен сұхбатқа шақырылды.

Жазбаша және ауызша кезеңдер арасында «Су күні" семинары өткізілді, онда студенттер өздерінің ғылыми жұмыстары туралы қысқаша презентациялар жасады және тәжірибе, білім және дағдылармен алмасу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, Олимпиада қатысушыларына CAY4W су бойынша Орталық Азия жастар желісі туралы ақпарат ұсынылды, онда барлық тілек білдірушілер ұлттық үйлестірушіге өз сұрақтарын қойды.

CAY4W ұлттық үйлестірушісінің қатысуымен өткен екінші кезеңнің қатысушылары Фан тауларындағы әдемі Искандеркөл көліне барып, қоршаған ортамен танысып, бейресми жағдайда жалпы тақырыптарға әңгімелесті.

Екінші кезеңнің жеңімпаздары олимпиаданың аймақтық кезеңіне қатысу туралы электронды пошта арқылы хабарланады.

DKU Ш. Шотемур атындағы Тәжік аграрлық университетіне және Тәжікстанның басқа да жоғары оқу орындарына Олимпиаданы өткізуге көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді.


Іс-шараны DKU Табиғи ресурстар институты CAY4W Орталық Азия су жөніндегі жастар желісімен бірлесе отырып, Швейцария даму және ынтымақтастық жөніндегі агенттігі (SDC) мен Дүниежүзілік банктің қаржылық қолдауымен, сондай-ақ Жаһандық су әріптестігінің және Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АТМЭӘК) сараптамалық қолдауымен, БҰҰ-ның Алматы қаласындағы ақпараттық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Бөлісу