Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Семестрді Hof University of Applied Sciences (Германия) университетінде өткіз!

Hof қолданбалы ғылымдар университеті бакалавриат және магистратура студенттеріне академиялық ұтқырлық аясында 2022−2023 қысқы семестрде оқуды ұсынады.

Оқу тегін, бірақ 100 еуро көлемінде семестрлік жарна қарастырылған. Студент болуына байланысты барлық шығындарды (тұру, ұшу, визалық шығындар) өз бетінше көтереді: өзін-өзі қаржыландыру.

Толығырақ ақпаратты МЫНА жерде таба аласыз.
Сондай-ақ, сілтеме арқылы: www.hof-university.com/international/incoming-students-and-faculty/exchange-students.html

Қатысуға ниет білдірушілер 2022 жылдың 22 сәуіріне дейін келесі құжаттардың көшірмелерін int_office@dku.kz немесе visa@dku.kz электрондық мекенжайларына жіберуі тиіс:

— транскрипт;

— тіл деңгейін растайтын сертификат (ағылшын/неміс тілі В2-ден төмен емес);

— уәждемелік хат;

— түйіндеме.

!Назар аударыңыз: құжаттарды тапсырар алдында Hof университетінің сайтында сіздің мамандығыңызға сай келетін пәндердің бар-жоғын тексеріңіз. Ақпараттық бюллетеньмен (fact sheet) мұқият танысуға кеңес береміз, онда сіз 2022−2023 қысқы семестрдегі пәндер каталогын, сондай-ақ сұрақтарыңызға барлық жауаптарды таба аласыз.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз: Елена, int_office@dku.kz, Айжан, visa@dku.kz, +7 (727) 355-05-51 (ішкі 242).

Бөлісу