Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Renewable Energy Trip 2020 білім беру сапары

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде біз сізге Renewable Energy Trip 2020 жаңартылатын энергия көздері білім беру сапары туралы айтқан болатынбыз.

Бұл экспедицияны Қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік федералдық министрлігінің (BMU) және Халықаралық ынтымақтастық Германия қоғамының (GIZ) қолдауымен International Climate Initiative (IKI) шеңберінде Қазақстан-Неміс университеті ұйымдастырды, олар сапар туралы материалды дайындап, өз сайтында орналастырды.

Сондай-ақ, экспедицияны ұйымдастыруға және өткізуге ҚР Энергетика министрлігі мен Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы (SPAQ) көмек көрсетті.

Сапар туралы ақпаратпен сіз IKI сайтында мына сілтеме бойынша таныса аласыз:
https://www.international-climate-initiative.com/en/news/article/more_know_how_for_renewables_in_kazakhstan?iki_lang=en

Естеріңізге сала кетейік, осы сапар аясында біз 2 дөңгелек үстел өткізіп, Қазақстанның оңтүстігінде және солтүстігінде орналасқан 12 нысанды араладық.

Бірақ ЖЭК нысандары бойынша экспедиция мен дөңгелек үстелдер өткізу — бұл жоба қызметінің бір бөлігі ғана. Қазір экспедиция туралы фильм жасалуда және қатысушылар барған нысандары сипатталған үздік тәжірибелер кейстерін дайындауды аяқтауда.

Қосымша ақпарат алу үшін Алексей Кобзевке (жаңартылатын энергия бойынша жоба менеджері, Табиғи ресурстар институты, Қазақстан-Неміс университеті) хабарласыңыз, kobzev@dku.kz.

Бөлісу