Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігінде Профессор Б.Қ. Сұлтановтың кітабының тұсаукесері

2021 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінде дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан-Герман университеті жанындағы Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтанов Болат Қылышбайұлының - «Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасы Президентінің таңдаулы шығармалары» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап CNPC International in Kazakhstan LTD компаниясының қаржылық қолдауымен жарық көрді.

Бұл жинаққа Қазақстан Республикасының Президенті К.К. Тоқаевтың 2019 жылдың 20 наурызы мен 2021 жылдың 30 сәуірі аралығында жарияланған. Бұл жинаққа Мемлекет басшысының 68 еңбегінің, оның ішінде Президент Қ.Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған үш мақаласы, сонымен қатар ішкі және сыртқы саясаттың, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті проблемаларына, сондай-ақ коронавирустық пандемияға қарсы шараларға арналған Қазақстан басшысының 63 сөзі, үндеуі мен мәлімдемесі.

Жинақ отандық тарих, халықаралық қатынастар, еліміздің сыртқы және ішкі саясаты мәселелерімен айналысатын тарихшыларға, саясаттанушыларға, сарапшыларға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

Кітап мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Бөлісу