Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Орталық Азиядағы Су-Энергия-Азық-түлік өзара байланысын ілгерілету тәсілдері бойынша UNFSS диалогы

Сіздермен маңызды іс-шараның материалдарымен бөліскіміз келеді: Орталық Азиядағы азық-түлік жүйелерін трансформациялауға қол жеткізу үшін Су-Энергия-Азық-түлік (ВЭП) өзара байланысы мәселелеріндегі тәсілдерді талқылау бойынша UNFSS тәуелсіз өңірлік диалогы онлайн-режимде өтті.

Онлайн-іс-шарада сарапшылар азық-түлік жүйелерін трансформациялауды жүзеге асыру — ТДМ барлық 17 мақсатына қол жеткізудегі прогресті дамытудың ең пәрменді тәсілдерінің бірі екенін атап өтті.

Қазақстан-Неміс университеті тарапынан (DKU @dkukz www.instagram.com/dkukz/) диалогқа DKU халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, з.ғ.д. Барбара Януш-Павлетта және Искандар Абдуллаев, MSc, PhD, су ресурстарын басқару, су шаруашылығы мекемелері, табиғатты қорғау қызметі мәселелері бойынша DKU сарапшысы белсенді қатысты.

Іс-шара су мен энергияны азық-түлікпен байланыстыратын интеграцияланған тәсілдерді ілгерілетуге ықпал ететін көптеген диалогтар қажет екенін көрсетті.

Диалог шеңберінде қабылданған шешімдер 2021 жылғы қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитінде ұсынылатын болады.

Диалог материалдарымен мына сілтеме бойынша таныса аласыз:
https://drive.google.com/drive/folders/1QkrNfqRGsZ5bq3pkuIY5146PZM-nunye?usp=sharing.

Бөлісу