Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

NEXUS іскерлік ойынына қатысушыларға арналған пікірталас алаңы форматындағы ұлттық тренингтер сериясы

28 және 29 сәуірде Қазақстанда NEXUS іскерлік ойынына қатысушыларға арналған пікірталас алаңы форматында ұлттық тренингтер сериясын ашатынын хабарлаймыз.

Қатысушы-елдер:

  • Қазақстан
  • Қырғызстан
  • Тәжікстан
  • Өзбекстан
  • Түрікменстан

2021 жылғы 2 желтоқсанда DKU-да «Орталық Азияның мемлекеттік лауазымды тұлғаларын су, энергетикалық, азық-түлік және экожүйелік ресурстар арасындағы өзара байланысты бағалауды ілгерілетуге оқыту» жобасы басталғанын естеріңізге саламыз.

Жоба мақсаты: табиғи ресурстарды басқару саласындағы өңірлік сарапшылар өткізетін тренингтерде мемлекеттік органдар өкілдерінің біліктілігін арттыру. Бұл жоба су ресурстары және қоршаған орта бойынша USAID Өңірлік жобасының қолдауымен іске асырылады.

Деректер көзі: «Орталық Азия контекстінде су, энергетика, азық-түлік және экожүйе ресурстарының байланысын бағалау» оқытуға арналған әдістемелік құрал.

Бұл жоба Америка Құрама Штаттарының халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген көмек арқасында мүмкін болды. Бұл жарияланымның мазмұнына тек DKU жауапты және USAID немесе АҚШ үкіметінің көзқарасын білдірмейді.


«Су-энергия-азық-түлік-экожүйе» мәселелеріндегі барлық қызықты нәрселерді жіберіп алмау үшін жаңалықтарды қадағалаңыз.
Тіркелу үшін өтінішті мына электрондық мекенжайға жіберіңіз: wefe@dku.kz

Бөлісу