Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

NEXUS жобасының ұлттық кеңесшісі - Умиджон Улуговпен танысыңыз

Сіздерді NEXUS жобасының ұлттық кеңесшісі - Умиджон Улуговпен таныстырғымыз келеді.

Умиджон Улугов, заң ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшы. Орыс, тәжік, ағылшын және өзбек тілдерінде еркін сөйлейді. Оның тәжірибесіне экологиялық және әлеуметтік жобаларды басқару, сондай-ақ қоршаған ортаға және әлеуметтік әсерді бағалау есептерін дайындау кіреді. Оның қалдықтарды басқару, мәдени мұра, қызмет көрсету, инфрақұрылымды кешенді дамыту жобалары сияқты секторларда экологиялық және әлеуметтік кеңес беруде үлкен тәжірибесі бар.

Умиджонның БҰҰ ЕЭК, ЮНЕП, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, Дүниежүзілік банк, БҰҰ ФАО, ЮНИСЕФ және т. б. жобаларда 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.


Жоба туралы: 2021 жылғы 2 желтоқсанда DKU-да «Орталық Азияның мемлекеттік лауазымды тұлғаларын су, энергетикалық, азық-түлік және экожүйелік ресурстар арасындағы өзара байланысты бағалауды ілгерілетуге оқыту» жобасы басталды.
Жобаның мақсаты: табиғи ресурстарды басқару саласындағы өңірлік сарапшылардың қатысуымен оқыту арқылы мемлекеттік органдар өкілдерінің біліктілігін арттыру. Бұл жоба су ресурстары және қоршаған орта бойынша USAID Өңірлік жобасының қолдауымен іске асырылады.

«Су-энергия-азық-түлік-экожүйе» мәселелеріндегі барлық қызықты нәрселерді жіберіп алмау үшін жаңалықтарды қадағалаңыз.

Деректер көзі: «Орталық Азия контекстіндегі су, энергетика, азық-түлік және экожүйе ресурстарының байланысын бағалау» оқу құралы.


Бұл жоба Америка Құрама Штаттарының халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген көмек арқасында мүмкін болды. Бұл жарияланымның мазмұнына тек DKU жауапты және USAID немесе АҚШ үкіметінің көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу