Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

KAZENERGY қауымдастығы жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды

KAZENERGY қауымдастығы 2021−2022 оқу жылында жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Кім үшін:

  • колледждер мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ақылы негізде оқитын студенттері (күндізгі оқу нысаны бойынша).

Конкурсқа қатысу үшін grant.kazenergy.com сайтында электрондық өтінімді толтыру қажет.

Өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2021 жылғы 15 шілдеден басталады.
Электрондық өтінімді жоғарыда көрсетілген мерзімде grant.kazenergy.com сайтында толтыру керек.

Техникалық және техникалық емес білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерді оқытуды қаржыландыру бойынша шектеулер бар, олар туралы қосымша білу қажет. Құжаттарды қарау құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 25 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Іріктеуден өткен үміткерлердің тізімі «KAZENERGY» қауымдастығының сайтында орналастырылады.

Толығырақ ақпарат:
https://www.kazenergy.com/…/educational-program/138/1044/

Тіркелуге сілтеме:
grant.kazenergy.com

Барлық сұрақтар бойынша: 8 (7172) 79 49 75;
candidate@kazenergy.com

Бөлісу