Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Жаңартылатын энергетика, энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі жөніндегі жобалар маманының бос орны

DKU Табиғи ресурстар институты жаңартылатын энергетика, энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі жөніндегі жобалар маманы лауазымына конкурс жариялайды.

  • Жұмыс тәртібі: офлайн
  • Орны: Алматы қ.
  • Жұмыс кестесі: 5/2
  • Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні: 25 қараша 2021 жыл

CV және уәждемелік хатты орыс немесе ағылшын тілдерінде «Project Specialist — your full name» renenergy@dku.kz электрондық поштасына жіберіңіз.

Міндеттері:

  • ЖЭК бойынша оқу курстарын әзірлеуді басқару;
  • ЖЭК және климаттың өзгеруі жөніндегі жобаларды іске асыру;
  • «Жасыл энергетика» тақырыбы бойынша талдау әзірлеу;
  • «Аз ауқымды энергетика» тақырыбы бойынша Policy brief дайындауға жәрдемдесу;
  • ЖЭК және климаттың өзгеруі бойынша зерттеулерді дамыту үшін жобаларды қаржыландыруға өтінімдер дайындау;
  • DKU-да «Энергетика», «Жаңартылатын энергетика» және «Климаттың өзгеруі" бағыттары бойынша басқа да міндеттерді орындау.

Кәсіби талаптар:

  • энергетика, экология, табиғи ресурстарды басқару, экономика саласындағы немесе басқа да байланысты салалардағы жоғары білім;
  • ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеру;
  • жобаларды іске асырудағы жұмыс тәжірибесі;
  • халықаралық гранттармен жұмыс тәжірибесі, есептілікті дайындау және іс-шараларды ұйымдастыру құпталады;
  • ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі құпталады;
  • аналитикалық ақыл-ой жүйесі, жақсы қарым-қатынас дағдылары;
  • бірнеше тапсырмаларды орындау режимінде және уақыт шектеуімен жұмыс істей білу.

Барлық сұрақтар бойынша ЖЭК және климаттың өзгеруі жөніндегі жобалардың менеджері Алексей Кобзевке хабарласыңыз, kobzev@dku.kz

Бөлісу