Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Германияның серіктес жоғары оқу орындарының бірінде 2022 жылдың жазғы семестрінде оқуға өтінімдер қабылдау ашылды

DAAD германиялық академиялық алмасу қызметі Германияның серіктес жоғары оқу орындарының бірінде 2022 жылғы жазғы семестрде оқуға шәкіртақы бөледі.

Шәкіртақы бөлу туралы шешімді стипендиялық комиссия қабылдайды. Ұсынылған студенттердің тізімі серіктес университетке жіберіледі. Шәкіртақы бойынша оқуға қабылдау туралы түпкілікті шешімді әріптес ЖОО қабылдайды (шешім осы мамандыққа арналған орындардың болуына, құжаттарды қабылдау мерзімдеріне және т.б. байланысты болады).

* Шәкіртақыларды бөлу кезінде комиссия серіктес ЖОО-дағы орын санына сәйкес әр мамандық бойынша өтініштерді жеке қарайды.


Құрметті студенттер!

Жазғы семестрде оқуға өтініш бермес бұрын, серіктес университет және жазғы семестрде ұсынылатын пәндер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпарат алу керек. Әріптес оқу орнының пәндері сіздің DKU-дағы оқу жоспарыңызға сәйкес келуі керек.


Шәкіртақы мөлшері:

  • Айына 861 Eвро (5 айға)
  • Айына 825 Eвро бару/қайту жолына

Шарттар:

  • ВА 3 курс студенттері
  • B2-С1 неміс тілін жақсы білу, B2-С1 ағылшын тілін жақсы білу — «Халықаралық қатынастар» мамандығы үшін
  • Барлық оқу кезеңіндегі орташа балл кемінде 4,0

DKU ЖОО-серіктестері:

  • HAW Hamburg (Экологиялық және энергетикалық техника)
  • Hochschule Mittweida (Менеджмент)
  • Hochschule Schmalkalden (Экономикалық информатика, Mobile Computing)
  • TH Wildau (Логистика/Телематика)
  • Hochschule Zittau/Görlitz (Қаржы/Маркетинг)
  • Hochschule Rhein-Waal (Халықаралық қатынастар)

Бакалавриат студенттеріне арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар:

  • Уәждемелік хат
  • Фотосуреті бар түйіндеме

Тіл деңгейі көрсетілген транскрипт пен анықтаманы сұраудың қажеті жоқ! Олар автоматты түрде беріледі.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2021 жылғы 25 қазан сағат 18.00 дейін.

Құжаттарды Халықаралық кеңсеге әкелу керек.


Барлық сұрақтар бойынша халықаралық кеңсеге жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жолығуыңызға болады (түскі үзіліс с 13.00-ден 14.00-ге дейін):

Тел.: +7 727 355 05 51 (ішкі 242)
E-Mail: int_office@dku.kz

Бөлісу