Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Enactus DKU командасы Fall Business Collaboration Days-қа қатысты

18 және 19 қарашада Enactus dku студенттік тобы Fall Business Collaboration Days — қа қатысты.

Ұйымдастырушы Enactus Kazakhstan ұлттық кеңсесі болды.

Іс-шарада біздің команда «Oilau» қосымшасының жобасын ұсынды.

«Oilau» — бұл мектеп түлектеріне университетті таңдау кезеңінен оңай және ауыртпалықсыз өтуге көмектесетін бірегей мобильді қосымша. Бұл жобадағы команданың миссиясы — талапкерлерге және дәл өз ЖОО іздегендердің барлығына өзін-өзі анықтауға көмектесу.

Fall Business Collaboration Days жастардың әлеуметтік-кәсіпкерлік, инновациялық жобаларының жаңа маусымына бастама берді! Екі күн ішінде біздің команда Алматы және өңірлік жоғары оқу орындарының Enactus командаларымен мастер-класстарға, network сессияларға қатысты, командалар шеруіне қатысты, ұйымдастыру командасына қолдау көрсетті және студенттік және мектеп кәсіпкерлігінің Ұлттық Кубогына өтінім берді!


Enactus DKU командасын жаңа маусымның басталуымен құттықтаймыз және 2022 жылдың мамыр айында өтетін ұлттық кубокқа сәтті дайындықты тілейміз!

Бөлісу