Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Eco-Talk 2021 жыл сайынғы Халықаралық жасыл бизнес мектебінің қорытындысы

Eco-Talk жыл сайынғы Халықаралық жасыл бизнес мектебі Қазақстан-Неміс университетінің базасында өз эко-бизнесін нөлден дамытқысы келетін немесе жұмыс істеп тұрған бизнесін экологиялық таза еткісі келетін Орталық Азияның жас кәсіпкерлері үшін өз есігін қайта ашты.

Бағдарлама жұмыс істеген 3 жыл ішінде жоба Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан 74 өтінім алды. 27 команда қарқынды оқытудан өтті, ал 11 жеңімпаз серіктестерден өз бизнесін дамытуға гранттар алды. Оқыту бизнес-жоспарлау бойынша блоктарды және «тұйық цикл экономикасы», «су технологиялары және су сапасы» және «жаңартылатын энергия көздерін дамыту"экологиялық бағыттары бойынша консультацияларды қамтыды.

Биыл ECO-TALK бағдарламасы ЕО-ның «Еуропалық Одақ-Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық" (WECOOP), су ресурстары жөніндегі Орталық Азия жастар бірлестігі (CAY4W), Канада су жөніндегі халықаралық хатшылығы (ISW) және Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) жобасының қолдауымен өтті.


«Еуропалық Одақ — Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық» (WECOOP) (2019 жылғы қазаннан бастап 2022 жылғы қазанға дейін үшінші кезең) жобасы ЕО стандарттарына жақындастыру арқылы Орталық Азиядағы қоршаған орта, климаттың өзгеруі және су ресурстары саласындағы саясатты жақсартуға, сондай-ақ көмірқышқыл газының (CO2) шығарындыларын қоса алғанда, адам қызметі туындатқан ластануды елеулі түрде азайтуға қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында экономиканың тиісті секторларына «жасыл» инвестицияларды ынталандыруға бағытталған. Жобаның қызметі ЕО-ОА-ның Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау саласындағы ынтымақтастық платформасын және оның қоршаған орта мен климаттың өзгеруі жөніндегі жұмыс тобын, сондай-ақ климатты қорғаудағы іс-қимылдарды ілгерілету үшін ЕО-ның Орталық Азиядағы жасыл бағытын халықаралық өлшеуді қолдауды қамтиды.


Бірінші күні, 2021 жылдың 13 желтоқсанында, Eco-Talk финалистеріне тәжірибе алмасу мақсатында тәлімгерлермен кездесу ұйымдастырылды, осылайша финалға өткендердің өздері Қазақстан-Неміс университетінің студенттерімен Экотон форматында өз білімдерімен және жобалық идеяларымен бөлісе алады.

14 желтоқсанда, ECO-TALK 2021 халықаралық жасыл бизнес мектебінің қорытынды іс-шарасының екінші күнінде финалистер халықаралық қазылар алқасына экологиялық мағынада бизнес-идеялары бар презентацияларын ұсынды.

CAY4W, ISW және SDC өкілдерінен құралған қазылар алқасы байқаудың соңғы турынан үш жеңімпазды таңдап, жалпы сомасы 6 200 АҚШ долларын құрайтын гранттарды тағайындады:

I орын — Антон Костенко, Қазақстан, «Дары Алмарай» ЖЭК бойынша жоба

II орын — Сайкал Алымова, Бахтияр Алымов, Асель Еркинова, Ержан Турдубеков, Қырғыстан, «Сота» тұйық циклді экономика бойынша жоба

III орын — Салохиддин Артыков, Өзбекстан, «Атлас» тұрақты туризм жобасы.

Жеңімпаздар бұл гранттарды өздерінің жасыл бизнесін құру немесе одан әрі дамыту үшін пайдаланады.


Мектеп туралы толығырақ ақпарат мына сайттарда қолжетімді:

ECOTALK Халықаралық жасыл бизнес мектебі туралы бейнероликті сілтеме бойынша қараңыз: https://youtu.be/KjtrvTKj2iE


Қосымша ақпаратты алу үшін хабарласуыңызды сұраймыз:

Елене Серебренникова, коммуникация жөніндегі аға сарапшы, WECOOP, эл. поштасы: media@wecoop.eu, моб./WhatsApp: +77019814020, Нұргүл Смагулова, іс-шаралар ұйымдастыру және коммуникациялар жөніндегі үйлестіруші, WECOOP, эл. поштасы: nurgul.smagulova@wecoop.eu, моб./WhatsApp: +77012066760, Эльнура Абаканова, коммуникация жөніндегі үйлестіруші, ЕО Қазақстандағы өкілдігі, эл. поштасы: elnura.abakanova@eeas.europa.eu.

Бөлісу