Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

ERASMUS + Обуда университетінде оқуға арналған стипендия, Мажарстан

Құрметті студенттер!

Обуда университетінде (Мажарстан) оқуға тағы бір ERASMUS + стипендиясы бар.

Стипендия тек «Менеджмент» мамандығының 3 курс студенттеріне және «Логистика» мамандығы бойынша магистратураның 1 курс студенттеріне арналған.

Обуда университеті біздің студенттерге ERASMUS + стипендиясын алуға және 2021 қысқы семестрінде университетте оқуға мүмкіндік береді.

Университет туралы барлық қажетті ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз: https://www.uni-obuda.hu/en

Талаптар:

1. Ағылшын тілінің деңгейі В2-ден төмен емес.

2. Барлық оқу семестрлеріндегі үлгерімнің орташа балы жақсы болуы тиіс.

Құжатар:

  1. ағылшын тілі деңгейін растайтын сертификат (IELTS немесе Оқу бөлімінен тілдік деңгейі көрсетілген анықтама).
  2. оқудың барлық семестрлеріне транскрипт.
  3. уәждемелік хат.
  4. түйіндеме.

Құжаттар тек ағылшын тілінде болуы тиіс.

Құжаттарды PDF форматында халықаралық кеңсенің электродық мекенжайына жолдау керек: int_office@dku.kz

Құжаттарды соңғы қабылдау күні: 24 наурыз 2021 ж.


Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуыңызға болады: Елена, int_office@dku.kz, Айжан, visa@dku.kz, 355−05−51 (ішкі 242).

Бөлісу