Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

ENACTUS DKU командасы Enactus Kazakhstan Ашық есік күнінде

Біздің команда @enactus.dku ENACTUS DKU Enactus Kazakhstan Open day-ға қатысты.
Іс-шара 2021 жылғы 26 ақпанда санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.
DKU командасын біздің «фрешмендер», яғни 1 курс студенттері ұсынды:
• Попова Яна,
• Турсынхан Аина,
• Железнякова Маргарита,
• Айтбеков Санжар,
• Нечаева Амина,
• Болатжанов Габиден,
• Жақсыбай Қуатбек.

Open Day аясында біздің студенттер қаланың басқа университеттері мен мектептерінің қатысушылары және команда капитандарымен танысты. Университет капитандары біздің студенттермен жобалардағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, оларды не нәрсеге итермелейтінін және мақсатқа жету жолындағы қиындықтарды жеңуге көмектесетінін айтты. Сондай-ақ, студенттер Enactus философиясы туралы жаңа қапарат алды.

Біздің команда жобалық сессияның қатысушысы болды, онда басқа университеттер мен мектептердің қатысушыларымен бірге қысқа мерзім ішінде жобаны құру және оны Enactus Директорлар Кеңесінің мүшелеріне ұсыну қажет болды.

Open Day мазмұнды әрі қызықты өтті! Enactus Kazakhstan Ұлттық кеңсесіне шақырғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Бөлісу