Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU-да Су күні, 22 сәуір 2021

Қазақстан-Неміс университеті жанындағы Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы сіздерді БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына және халықаралық бейбітшілік пен сенім жылына арналған 2021 су күніне қатысуға шақырады.


Табиғи-ғылыми бағытта зерттеу барысында алынған тәжірибе, білім және дағдылармен алмасу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Қатысуға жоғары оқу орындарының студенттері, жас мамандар мен зерттеушілер, сондай-ақ су мәселелері жөніндегі оқытушылар мен сарапшылар шақырылады.

  • Күні: 22 сәуір 2021.
  • Уақыты: 10:30 (Алматы уақытымен)
  • Формат: онлайн-конференция zoom.

Қысқаша бағдарлама:

  • Су ресурстары және жаңартылатын энергия көздері саласындағы сарапшылардың презентациялары.
  • «Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі су ресурстарын тиімді басқару» тақырыбындағы студенттік коллоквиум.

Тіркелу мына сілтеме бойынша:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScQDowUl5Z0VloWwoDRdMUe6Ur8C7Ugxk84C_BxmhG_oX5lvQ/viewform?usp=sf_link

Барлық сұрақтар бойынша Екатерина Александровскаяға жолығуыңызға болады:

email: nri@dku.kz; ekaterinaa@dku.kz
тел.: +77273550551 (ішкі 302)


Дүниежүзілік су ресурстары күнінің тарихы:

1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 наурыз күнін Дүниежүзілік су ресурстары күні деп жариялады, ал 1994 жылдан бастап бұл мереке жыл сайын белгілі бір тақырыпқа — тез арада шешуді қажет ететін негізгі мәселелердің біріне арналады.

Бөлісу