Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU-да Ашық есік күні өтті!

Өткен сенбі 2021 жылдың 13 қарашасында күні Қазақстан-Неміс университетінің Ашық есік күні өтті.

Іс-шара карантин шараларын сақтай отырып және ZOOM платформасына онлайн-қосылумен офлайн форматта өтті.

Ашық есік күні бағдарламасының қысқаша анонсын модератор болған DKU Сыртқы және ішкі коммуникациялар бөлімінің басшысы Наталья Брославская айтты. Сонымен қатар, Наталья қатысушыларды DKU-мен таныстырды. Өз сөзінде ол қазақстандық білім беру нарығындағы DKU-дың негізгі жетістіктері туралы айтып берді.

Қазақстан-Неміс университетінің президенті проф. др. Волрад Роммель құттықтау сөз сөйледі. Профессор Роммель Қазақстан-Неміс университеті Орталық Азиядағы жалғыз неміс жоғары оқу орны ғана емес, сонымен қатар Еуропаға есік болып табылатынын атап өтті. DKU Қазақстанда еуропалық білім алу мүмкіндігін ашады.

Одан әрі бағдарлама бойынша қонақтарға қысқаша презентациялар жасалды:

  • Елена Асмус — Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы
  • Татьяна Круглик — Университетке дейінгі және кәсіптік оқыту орталығының басшысы
  • Гульмайдан Урозбаева — Әлемдік саясат факультетінің өкілі
  • Юлия Кабаканова — Экономика және кәсііпкерлік факультетінің өкілі
  • Жандос Кегенбеков — Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті деканы

Кездесу соңында DKU студенттік өкілі, Амбассадорлар клубының жетекшісі — Искандер Теміртас сөз сөйледі. Искандер клуб туралы айтып қана қоймай, қонақтар арасында Kahoot ойынын өткізді!, оның жеңімпаздары DKU естелік брендтік материалдарын алды.

Ашық есік күнінің екінші бөлімі аясында жеке консультациялар өтті, оған спикерлерден басқа қатысты:

  • Мария Бачурка — Тілдік дайындық және сертификаттау институтының директоры
  • Найля Саниязова — Әлеуметтік жұмыс және мансап бөлімінің басшысы
  • Елдос Карабаев — Қабылдау комиссиясының өкілі
  • Рашид Шарипов —Инжиниринг және ақпараттық технолгиялар факультетінің өкілі

DKU-ға оқуға түсу және оқу шарттары туралы толық ақпаратты қабылдау комиссиясынан алуға болады:

Тел.: + 7 (727) 355 05 51 (ішкі 229)

Қабылдау комиссиясының WhatsApp +7 707 355 05 51

Жалпы сұрақтар бойынша WhatsApp +7 700 355 05 51

E-mail: admission@dku.kz

Бөлісу