Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU-да «Мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Қазақстан-Неміс университетінде 2021 жылдың 11 қарашасында «Мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараны Қазақстан-Неміс университетінің Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институты, CNPC International Kazakhstan Ltd, China Petroleum Daily және «Бір белдеу және бір жол» сараптамалық клубы ұйымдастырды.

Конференция барысында ҚХР энергетикалық стратегиясы, Қазақстан мен Қытайдың мұнай-газ саласындағы инвестициялық-қаржылық ынтымақтастығы, Қазақстандағы көмірсутегі өндірісінің өсуі және Қазақстандағы мұнай-газ құбыр жүйесін дамыту мәселелері қозғалды.

Конференцияның құттықтау сөзі:

  • Волрад Ромель, Қазақстан-Неміс Университетінің президенті
  • Лэй Пин, China Petroleum Daily басшысы
  • Б.К. Сұлтанов, DKU Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Бір белдеу және бір жол» ЭК басқарма төрағасы

Конференция қорытындысы:

  • Ху Хунминь, Орталық Азиядағы CNPC вице-президенті
  • Б.К. Сұлтанов, DKU Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Бір белдеу және бір жол» ЭК басқарма төрағасы

Конференция спикерлері:

  • Ли Юнг Хонг, Орталық Азиядағы CNPC вице-президенті, CNPC International Kazakhstan Ltd. бас директоры
  • Б.К. Сұлтанов, DKU Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Бір белдеу және бір жол» ЭК басқарма төрағасы
  • Ли Юнчуань, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу қауымдастығының төрағасы.
  • Т.В. Каукенова, «China Center» Қытай зерттеулер орталығының сарапшысы.
  • Чжан Нин, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институтының, Қытайдың Қоғамдық ғылымдар академиясының бөлім бастығы.
  • А.С. Каукенов, «China Center» Қытай зерттеулер орталығының сарапшысы.
  • В.Ю. Додонов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері.
  • А.Б. Бугаенко, тәуелсіз сарапшы.
  • О.И. Егоров, ҚР БҒМ Экономика институтының бас ғылыми қызметкері.
  • Г. А. Мовкебаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Еуразиялық зерттеу орталығының директоры.
  • Л.В. Когутенко, DKU Әлемдік саясат факультетінің оқытушысы.

Іс-шара аралас форматта өтті: шектеулі қатысушылар санымен офлайн және ZOOM платформасында онлайн.

Конференцияға қатысу сұрақтары бойынша хабарласыңыз:
Камила Кильмакаева +7 708 288 2027, kilmakayeva@dku.kz

Конференция туралы ақпаратты орналастыру мәселелері бойынша хабарласыңыз:

DKU ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі+7 (727)355 05 51 (327), +7 (700)355 05 51, marketing@dku.kz

Бөлісу