Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU-да «Әлеуметтік желілердегі экстремистердің дезинформациясы мен шабуылдары» атты халықаралық конференция өтті

«Әлеуметтік желілердегі дезинформация және экстремистік шабуылдар — қоғам мен мемлекетті не қорғайды?» тақырыбына GIZ аймақтық бағдарламасының «Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу» халықаралық конференциясы Қазақстан-Неміс университетінің қабырғасында өтті.

GIZ елдік директоры Йорг Пуделька мырза, Қазақстан-Неміс университетінің президенті Вольрад Роммель мырза және М. Есболатова атындағы ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары Жанат Ділбарханова ханым құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияға Өзбекстан, Қазақстан және Германия мамандарын даярлау бойынша министрліктердің, ғылыми және зерттеу институттарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында киберқауіпсіздік, интернет желісінде экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыру және т.б. мәселелер қозғалды.


Сонымен қатар, конференцияға DKU оқытушылары да қатысып, баяндама жасады:

Себастьян Майер, DAAD халықаралық қатынастар бойынша ұзақ мерзімді доценті, DKU әлемдік саясат факультеті
«ЕҚЫҰ-ның Еуропалық Одақтағы экстремизмге қарсы күрес жөніндегі стратегиясы» тақырыбына баяндамасымен

Ирина Черных, Роза Люксембург қорының Орталық Азиядағы өкілдігінің қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, DKU профессоры
«Сирия мен Ирактағы қақтығыс аймағынан оралған мұсылман әйелдерді оңалту және реинтеграциялау: қиындықтар, проблемалар, тәуекелдер» тақырыбына баяндамасынмен

Рустам Бурнашев, DKU әлемдік саясат факультетінің профессоры
«Соғыс аймақтарынан оралған мұсылман әйелдердің қиын интеграциясы» тақырыбына баяндамасымен

Серік Бейменбетов, DKU ғылым және технологиялар трансфері жөніндегі проректор
«Жастар экстремистік идеяларға қаншалықты бейім?» тақырыбына баяндамасымен

DKU қатысушыларға, спикерлерге және GIZ өкілдігіне қызықты талқылаулар мен осы тақырыпты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Бөлісу