Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU-да референдум мәселелері және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша топ отырысы өтті

Кеше университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы мен әкімшілік ұжымы Қазақстан Республикасының референдумы мен Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне арналған жиынға қатысты.

Спикерлер:

Ақанова Әсия — Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры, «Kumis Khasyr» ҚҚ директоры.

Нұрлабаев Руслан — Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Savenergy» ЖШС бас директоры, жас ғалым.

DKU ректоры — Ажибаева Асель Ауэзовна, құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын және осы мәселелерді кеңінен қоғамдық талқылау қажеттігін атап өтті.

Отырыста Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ұсынылып, талқыланды. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өздерінің нақты көзқарастарымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, референдум 2022 жылдың 5 маусымында өтеді.

Спикерлер мен қонақтарға қатысқандары үшін алғыс айтамыз!

Бөлісу