Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU-да «Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасы Президентінің таңдаулы еңбектері" атты кітаптың тұсаукесері өтті

Алматы қ., 27 қыркүйек 2021 жыл

Қазақстан-Неміс университетінде «Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасы Президентінің таңдаулы еңбектері« атты кітаптың тұсаукесері өтті. Редакторы — Болат Қылышбайұлы Сұлтанов.

Бұған дейін ҚР Президенті еңбектерінің жинағы Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Алматыдағы өкілдігінде (2021 жылғы 8 қыркүйек), сондай-ақ ҚР Конституциясы күніне арналған «Президент-Қазақстан Республикасы Конституциясының мызғымастығының нышаны және кепілі" халықаралық дөңгелек үстелі аясында таныстырылған болатын, оның ұйымдастырушысы ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) (2021 жылғы 26 тамыз) болды.

Кітап «CNPC International Kazakhstan» LTD. қаржылық қолдауымен Қазақстан-Неміс университетінің Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтымен (ИМИРС) баспаға дайындалды. Осы жинақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 20 наурыз-2021 жылғы 30 сәуір аралығында жарияланған еңбектерін қамтиды. Бұл басылымға Мемлекет басшысының 68 еңбектерінің мәтіндері, оның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған екі Жолдауы, үш мақаласы, сондай-ақ Қазақстан басшысының ішкі және сыртқы саясаттың, әлеуметтік-экономикалық дамудың және коронавирустық пандемияға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелеріне арналған 63 баяндамасы, өтініштері мен мәлімдемелері енгізілген.

Бұл жинақ отандық тарих, халықаралық қатынастар, еліміздің сыртқы және ішкі саясаты мәселелерімен айналысатын тарихшылар, саясаттанушылар, сарапшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі тарихына қызығушылық танытатын оқырмандар тарапынан оқуға және зерттеуге ұсынылады.

Басылымның жауапты редакторы — Болат Сұлтанов, DKU Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институты (ИМИРС) директоры, профессор, саяси және мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, ҚР ЖОО қаумыдастығының А. Байтұрсынов атындағы Алтын медалінің лауреаты, Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік мәселелері бойынша оннан астам кітаптардың және 200-ден астам мақалалардың авторы. Жинақты құрастырушы К. М. Кильмакаева болды.

Автордың пікірінше, оны осы кітапты басып шығаруға итермелеген басты себебі, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2019 жылғы наурызда Мемлекет басшысы болып сайланғаннан кейін бірден кіріскен реформалар саясатына жәрдемдесу ниеті болды.
Президент Қ. К. Тоқаевтың реформаторлық қызметін еліміздің басым көпшілігі қолдайды. Бірақ, әрине, қолдаудың өзі жеткіліксіз. Еліміздің әрбір азаматына Мемлекет басшысының іс жүзінде көмек көрсету қажет. Мемлекет басшысының жаңашыл бағытына елдің әрбір азаматының практикалық көмегі қажет.

Бұл кітаптың өзектілігі мемлекеттік қызметшілердің, ел азаматтарының Мемлекет басшысының шығармаларын білуі біздің қоғамға жиі сырттан лақтырылатын көптеген сұрақтар мен мәселелерге жауап табуға мүмкіндік беретіндігінде. Осы себепті Болат Сұлтанов әрбір мемлекеттік қызметшінің үстелінде, әрине, Қазақстан Республикасының Конституциясына қоса, Мемлекет басшысының шығармалар кітабы болуы керек деп есептейді және былай деп толықтырады: Қазақстанның қазіргі тарихы, сыртқы саясаты, халықаралық қатынастар тарихы, аймақтану және басқа да қоғамдық-саяси пәндерді Мемлекет басшысының еңбектерін білмей зерттеу мүмкін емес. Мемлекет басшысы ұсынған Естуші мемлекет тұжырымдамасының маңызы зор — билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог арқылы ғана қазіргі өмір контекстінде үйлесімді мемлекет құруға болады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір аспекті заңның үстемділігі мен азаматтарымыздың қауіпсіздігіне кепілісіз сәтті іске асырылуы мүмкін емес. Естуші мемлекет — бұл шын мәнінде Әділ мемлекет құру тұжырымдамасы, себебі азаматтардың мәселелерін есту мен көру жеткіліксіз, ең бастысы оларға дұрыс және объективті түрде жауап беру. Елбасы «Жауапты мемлекет — Жауапты қоғам — Жауапты тұлға» жүйесін құрумен толықтыра отырып, «Естуші және әділ мемлекет» тұжырымдамасын жасады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Президент Қ.К. Тоқаевтың ең ұлы жетістіктерге Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің арқасында қол жеткізілетініне сенімі ерекше мәнге ие болады, өйткені нағыз патриотизм — бұл биік ұрандар емес, өз еліне және халқына күнделікті қызмет ету.»

Сондай-ақ, автор осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр және ҚР Президентінің еңбектеріне арналған жинақтың келесі томдарын тұрақты түрде шығаруға үміттенеді.


Кітапты мына жерде таба аласыз.

Бөлісу