Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU-да «Түлектеріміздің табыс тарихы» атты ашық есік күні өтті

Өткен сенбіде DKU «Түлектеріміздің табыс тарихы» атты ашық есік күні өтті.

Бұл жолы біз қонақтарымызды Экономика және кәсіпкерлік, Инженерлік және ақпараттық технологиялар және Әлемдік саясат факультеттерінің түлектерімен таныстырдық, олар DKU-ға түсу және оқу тәжірибесі туралы ғана емес, сонымен қатар қазіргі жұмыс орны мен мансаптық мүмкіндіктері туралы баяндады.

Спикерлер болып шақырылды:

  • Бисалиев Жәнібек — 2021 жылдың түлегі, Логистика ББ (бакалавриат). Жеткізу тізбегін басқару департаментіндегі логистикалық АТ процестері бойынша талдаушы. Magnum E-commerce Kazakhstan.
  • Курбанов Дияр — 2008 жылдың түлегі, Қаржы ББ (бакалавриат). BSH Home Appliances компаниясында қаржылық бақылау менеджері. Robert Bosch GmbH.
  • Цой Карина — 2018 жылдың түлегі, Халықаралық қатынастар ББ (бакалавриат) және 2020 жылдың түлегі Аймақтық процестерді басқару (магистратура). Head of Marketing & Administration. Rödl and Partner Central Asia.

Сонымен қатар, DKU университетке дейінгі және кәсіптік оқыту орталығының түлектері Тобаяков Шоқан (1 курс, Маркетинг ББ) және Мусагулов Алихан (1 курс, ЭАИ ББ) өздерінің оқуға түсуі және дайындық курстарында оқуы туралы айтып берді.

Одан әрі бағдарлама бойынша DKU құрылымдық бөлімшелерінің тұсаукесерлері мен консультациялары өтті:

  • Қорабаев Елдос — Қабылдау комиссиясының өкілі.
  • Ермакова Мария — Ambassadors DKU клубының президенті.
  • Асмус Елена — Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы.
  • Саниязова Найля — Әлеуметтік жұмыс және мансап орталығы бөлімінің басшысы.
  • Аримбекова Перизат, Киселёва Ольга — инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің өкілдері.
  • Тлеппаев Арсен — экономика және кәсіпкерлік бөлімінің өкілі.
  • Мямешева Галия — әлемдік саясат факультетінің өкілі.

Іс-шара модераторлары ретінде болған:

  • Брославская Наталья — Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы.
  • Саниязова Найля — Әлеуметтік жұмыс және мансап орталығы бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ талапкерлер үшін сынақ тестілеу жүргізілді, бұл оларға ішкі қабылдау емтиханының ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік берді.

Шара спикерлері мен қонақтарына алғысымызды білдіреміз!


Барлық сұрақтар бойынша: +7 (700) 355 05 51 WhatsApp, marketing@dku.kz
Оқуға түсу сұрақтары бойынша: +7 (707) 355 05 51 WhatsApp, admission@dku.kz

Бөлісу