Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU студенттері «Біз Тәуелсіз Қазақстанның жастарымыз!» форумында жүлделі орындарға ие болды.

2021 жылдың 22 қазанында «Өндірістік логистика» мамандығының 3 курс студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Біз Тәуелсіз Қазақстанның жастарымыз!» атты Республикалық студенттер форумына қатысты.

Форумды Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұйымдастырды.

Қатысушылар ретінде Қазақстанның 11 жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері сөз сөйледі, олар: Абай атындағы ҚазҰПУ Университеті, Алматы Менеджмент Университеті, Сорбон-Қазақстан Университеті, Алматы технологиялық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті және тағы басқа.


Фоурм үш алаңда өткізілді:

1. Шығармашылық алаңы

  • «Менің Қазақстаным» тақырыбында көркемсөз оқу сайысы
  • «Менің арманымдағы ел!» тақырыбында эссе байқауы.

2. Зияткерлік платформа. «Қазақстан тәуелсіздігіне отыз жыл» викторинасы

3. Бизнес-жобалар алаңы. «AtamekenStartUP: Дала рухының жаңғырығы» байқауы


Біздің студенттер келесі жүлделі орындарды алды:

  • Ахмер Арслан «Қазақстан Тәуелсіздігіне отыз жыл» викторинасында зияткерлік алаңда 4-ші жүлделі орынға ие болды.
  • Бектұрғанова Дильназ және Тоқбаева Назерке «AtamekenStartUP: Дала рухының жаңғырығы» байқауында бизнес-жобалар алаңында 5-ші жүлделі орынға ие болды.
  • Матвеева Алина шығармашылық кезеңде «Көрермендер» сыйлығымен марапатталды.

Құттықтаймыз және алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

Бөлісу