Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU студенттері арасында бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсы

Құрметті DKU студенттері!

Қазақстан-Неміс университеті бос білім беру гранттарын тағайындау үшін ақылы негізде оқитын DKU студенттері арасында конкурс жариялайды.

Конкурс «жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 4-тармағының негізінде өткізіледі.

Конкурсқа аралық аттестаттау нәтижелері бойынша Қазақстан-Неміс университетінде ақылы негізде білім алатын және білім беру бағдарламаларының топтары, курстары мен оқыту нысандары бойынша құжаттар тапсырған студенттер қатыса алады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

  1. ақылы негізде білім алушы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары басшысының атына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш береді;
  2. келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің отырысында қаралады;
  3. кандидатурасы Ғылыми кеңестің шешімімен мақұлданған студенттің құжаттары шешім қабылдау үшін ҚР БҒМ-не жіберіледі.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талап: барлық оқу кезеңінде жақсы үлгерім және жоғары GPA балы болып табылады.

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламаларының 3 тобы бойынша 5 бос грант бар:

1. «Энергетикалық және экологиялық техника» білім беру бағдарламасы:

1 курс/2 орын

2. «Экономикадағы ақпараттық инжиниринг» «Телематика», «Mobile computing» білім беру бағдарламалары:

3 курс/ 2 орын

3. «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы:

3 курс/1 орын


Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 10 қаңтарға дейін 18.00-ге дейін (Нұрсұлтан қ. уақыты).


Барлық сұрақтар бойынша:

+7 727 355 05 51, ішкі 209 немесе academic@dku.kz

Бөлісу