Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU қызметкерлері Армения, Цахкадзор қаласындағы «Еуразиялық қауіпсіздік: 21 ғасырдағы стратегиялық ортаның трансформациясы» халықаралық мектебіне қатысты

DKU қызметкерлері Садуакасова Акбота және Кислова Алла Армения, Цахкадзор қаласындағы «Еуразиялық қауіпсіздік: 21 ғасырдағы стратегиялық ортаның трансформациясы» халықаралық мектебіне қатысты.

Мектепті А.М. Горчаков атындағы қоғамдық дипломатияны қолдау қорының қолдауымен «Ресей-Армян жастар бірлігі" қоғамдық ұйымы Ресей-Армян университетінің әлемдік саясат және халықаралық қатынастар кафедрасымен бірлесіп өткізді. Іс-шараның серіктесі Еревандағы Ресей Ғылым және мәдениет орталығы болды.

Мектеп Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерден: Армения, Ресей, Қырғызстан және Қазақстаннан 20−25 жас аралығындағы Халықаралық қатынастар, дипломатия және экономика саласындағы 35 жас маманды жинады.

Қатысушылар халықаралық қатынастар бойынша сарапшылардың дәрістерін тыңдап қана қоймай, Қазақстан мен Қырғызстанның басқа қатысушыларымен бірге мәдени кеште өз елін ұсынды, өздерінің топтық жобаларын таныстырды.

Ұйымдастырушы мектеп инстаграмына сілтеме: instagram.com/rame.ngo

Бөлісу