Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU профессоры Болат Сұлтанов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Әлеуметтік-гуманитарлық дамуға қосқан зор үлесі және жоғары еңбек көрсеткіштері үшін марапатталғандардың қатарында Қазақстан-Неміс университетінің халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Болат Қылышбайұлы Сұлтанов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Бөлісу