Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU оқытушылары арасындағы «Жылдың үздік зерттеушісі — 2021» байқауы

Қазақстан-Неміс университеті университет оқытушыларын жыл сайынғы «Жылдың үздік зерттеушісі — 2021» байқауына қатысуға шақырады. Жеңімпазға 200.000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Байқаудың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмысында өзін белсенді көрсеткен DKU профессорлық-оқытушылық құрамы арасынан үздік зерттеушілерді анықтау және марапаттау.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер 2021 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей (Алматы уақыты бойынша 18 сағат) ұйымдастырушыға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • үміткердің өтінімі (№ 1 қосымшасы);
  • «Жылдың үздік зерттеушісі" атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері және оларды соңғы үш жылдағы құжаттамалық растау (№ 2 қосымша):
  • ғылыми қызмет саласындағы жеке жетістіктерді растайтын құжаттар ксерокөшірме түрінде немесе электрондық түрде (PDF форматында) ұсынылады.

«Жылдың үздік зерттеушісі" конкурсын өткізу тәртібі туралы ережеде сіз конкурсқа қатысу шарттарымен таныса аласыз.


Қосымша консультацияны ала аласыз:

Ғылым және технологиялар трансфері жөніндегі проректордың кеңсесіне немесе Ғылым және инновациялық технологиялар бөліміне хабарласып,

телефон бойынша 355−05−51 (ішкі 231 және 238),

пошта арқылы tyulyubayeva@dku.kz, beimenbetov@dku.kz, saduakassovaa@dku.kz.


Өтінімдерді мына мекенжайға жолдауыңыз керек: DKU_nauka@dku.kz

Өтініш берудің соңғы мерзімі — 2021 жылғы 20 желтоқсан (Алматы уақыты бойынша 18 сағат)

Бөлісу