Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU ішкі гранттарын алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Сіздің назарыңызды Қазақстан-Неміс университетінде ІШКІ ГРАНТТАРДЫҢ бар екеніне аударғымыз келеді. Ішкі гранттар — бұл сіздің үлгеріміңіз үшін немесе ішкі қабылдау процедурасының нәтижелері бойынша жеңілдік пен стипендия алу мүмкіндігі.

Ішкі гранттардың түрлері:

  • DAAD оқу гранттары және тұру стипендиялары.
  • Оқу құнының 25% мөлшерінде оқуға ішкі гранттар.
  • Магистрлік бағдарламаларға түсушілер үшін 50% және 25% мөлшерінде оқуға ішкі гранттар.
  • Германия Бас консулдығынан гранттар.

Барлық стипендиялар бір оқу жылына беріледі. Өтініш міндетті түрде электрондық поштаға жіберілуі керек: stipendien@dku.kz

Іріктеу критерийлері мен қажетті құжаттар туралы толығырақ біздің сайтта, сілтеме бойынша оқыңыз:
https://dku.kz/ru/content/view/?slug=stoimost-obucheniya

Бөлісу